Шенеунік шімірікпей заң бұзады: Бұл аймақ - мафияның уысында ма?

Шенеунік шімірікпей заң бұзады: Бұл аймақ - мафияның уысында ма?

Аягөзде сайлау заңын бұзған шенеуніктердің «мұрты қисаймады». Аймақта жең ұшымен жалғасқан мафия бар сияқты...

Бұған дейін, төмендегі постта Аягөз ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімін сайлау кезінде болған заңсыздық жазылған, тұрғындар жаппай Мадияр Байжұмановқа дауыс берсе де сайлау комиссиясы Ербол Ережеповті жеңді қылып хаттама толтырып, оны Семейге жібергені айтылған.

Алғашында халық наразылығынан қаймыққан шенеуніктер сайлау қорытындысын сайтта жарияламай созбаққа салып еді. Е.Ережеповті жеңімпаз еткен сайлау қорытындысы енді ғана жарияланыпты. Әрине, М. Байжұмановтың да «сау сиырдың жапасы емес», моралдық келбеті күмәнді екені айтылып жүр.

Оның не бүлдіргенін анықтап, кінәсін мойнына қойып беріп, о баста оны сайлауға қатыстырмай тастау керек еді. Дегенмен, бұл жерде де кандидат жөніндегі шындықты бүркемелеу және оны ашық өтуге тиіс сайлау науқанында аяқтан шалудың құпия тетігі ретінде пайдалану бар секілді. Мұның анық-қанығы әлі жазылады. Әзірге, басты мәселе әділдікті қалпына келтіру болып тұр.

Ауыл әкімін сайлауда кімнің жеңгені, кімнің жеңілгені кейбіреуге маңызды емес шығар. Аягөз шенеуніктері «Әділетті Қазақстан» - «Халықтың үнін еститін үкімет» құрамыз деген Ақорда саясатын аяқасты етіп отыр. Бұдан кейін халық сайлауға қалай сенеді?!. Міне, гәп – осында.

Ораз Әлімбек

Барлық жаңалықтар