Шенеуніктердің жалақысы қанша және оларға қандай жағдай жасалған?

Шенеуніктердің жалақысы қанша және оларға қандай жағдай жасалған?
Әлеуметтік желіде мемлекеттік қызметкерлердің ай сайын алатын жалақы көлемі мен оларға жасалған жағдай туралы деректер тарады деп жазады Democrat.kz.
 
"Мемлекеттік қызметшілердің айлықтары туралы деректер (шамамен, ашық деректер негізінде):
Мәжіліс депутаты - 1.6 – 1.8 млн тг.
Сенат депутаты - 1.7 – 2.0 млн тг.
Комитет төрағасы (Мәжіліс/Сенат) - 2.0 – 2.3 млн тг.
Мәжіліс спикері - 3.5 – 4.0 млн тг.
Сенат төрағасы - 3.5 – 4.0 млн тг.
Министр - 1.5 – 2.0 млн тг.
Вице-министр - 1.2 – 1.5 млн тг.
Облыс әкімі - 1.8 – 2.2 млн тг.
Қала әкімі (Астана, Алматы, Шымкент) - 1.5 – 2.0 млн тг.
Аудан әкімі - 0.8 – 1.2 млн тг.
 
Жалақыдан бөлек:
- Тұрғын үй,
- Тұрғын үйді жалдау үшін өтемақы,
- Іссапар шығындары,
- Көлік қызметі,
- Қосымша үстемақылар, сыйақылар (мәртебесіне, комитет төрағасы не хатшысы болса) сияқты артықшылықтар бар.
 
(Бұлардан бөлек, "Президенттік" ең жоғары сапалы емхана, "неприкосновенность" деген артықшылықтар беріледі... әрине, бәрінің туыстарына жазып қойған бірнеше бизнестері бар.... жұрттан, лоббиден алатын "сыйлықтары" қандай екенін бір Алла біледі...)
* * *
Қазақстандағы ең төменгі жалақы
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап:
85 000 теңге – ең төменгі жалақы (ЕТЖ).
Күнкөріс минимумы (тұтыну корзинасы):
2025 жылы Қазақстанда күнкөріс минимумы – 48 182 теңге деп белгіленген.
 
Оның шамамен 55% азық-түлікке, ал 45% азық-түлік емес тауарлар мен қызметтерге есептеледі.
Яғни, ресми дерек бойынша, жоғарыдағы ұры, жемқор, сатқын боққарындар халыққа бір айлық ең қажетті шығынын жабуға 48 мың теңге жеткілікті деп санайды.
 
Бірақ сарапшылар мен халықтың өзі мұның шын өмірге сай келмейтінін, нақты күнкөріс шығыны бұдан әлдеқайда жоғары екенін айтып жүр.
 
Ал Қазақстанда орташа жалақы қанша дейсіз ғой?
2024 жылдың соңындағы ресми статистикаға сәйкес, Қазақстанда орташа айлық жалақы – 430 мың теңге шамасында болды.
 
Бірақ "орташа жалақы" деген – статистикалық көрсеткіш. Ол ең жоғары жалақы алатындар мен ең төмен жалақы алатындарды қосып орташа есептегенде шығады.
 
Енді өздеріңіз ойлап қараңыздар, - анооооу жоғарыдағы ең жоғары айлық 4 млн теңгені ең төменгі 85 мың теңгеге бөле салады дағы, орташа айлықты шығара салады... 
 
 Бұл жерде де жоғары айлық алатын жоғарыда отырғандардың кесірі халыққа тиіп тұр... 4 млн айлық алатындар қанша? 85 мың алатындар қанша?... Байыбына бара беріңіз...." деп жазды  Сәуле Әбілдаханқызы.
Барлық жаңалықтар