“Қайрат” футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрза қажылыққа жолдама сыйға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желілерде “Қайрат” футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға Умра қажылығына жолдама сыйланған сәттің видеосы кеңінен тарауда.
Белгілі болғандай, Алматы қаласындағы тойлардың бірінде Шерхан Қалмұрза мен анасы қонақ ретінде қатысқан. Сол кеш барысында жас спортшыға қасиетті Меккеге Умра қажылығына арналған арнайы сертификат табысталды.