"Шерхан сопылықтың брендіне айналуы мүмкін" деген қоғам белсендісі алаңдаушылығын білдірді

"Шерхан сопылықтың брендіне айналуы мүмкін" деген қоғам белсендісі алаңдаушылығын білдірді
Қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан танымал футболшы Шерханның ертеңіне алаңдап, жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Танымал қақпашы, 18 жасар Шерханға осы жолы сопылар сәләфит—ханафитерден бұрын жетіпті.
 
Енді жастардың кумирі Шерхан, сопылықтың "брендіне" айналуы мүмкін.
 
Жастардың жиын—форумдарына шақырылып, оларға сопылық ілімді ілуге пайдаланылады-ау осы.
 
Қазіргі жастар өздері арасынан шыққан нақты ғылым иелерін тани ма?
 
Оларға кәсіпкер көлік сыйлай ма?
Дүкеннен киім, планшет, ноутбук әпере ме?
Жоқ, танымайды, көлік әпермейді, киім кигізбейді.
 
За то, алтын уақытын алаңда өткізген қақпашы Шерханды таниды.
Билікке де, жекелеген ағымдар мен олардың дамуын көздеген мақсатты тұлғаларға да қалың көпшілік (масса) —"тауары" мен "дегенін" өткізу үшін қажет.
 
Назарбаев заманында алапат ресурстар сәләфтәр қолында болса, қазір сопыларда.
Қазіргі биліктің сәләфтәрға емес, сопыларға бүйрек бұрады.
 
Себебі, қоғамды басқаруға радикалды сәләфи —ханафизм емес, умеренный ислам қажет.
 
Ал "умеренный ислам"— сопылықта.
Қазақтың дәстүрін, салтын, әдеті мен ғұрпын жұтатын осы сопылар, "харамға шығарып жүрген" сәләфилер емес.
Ал 72 ағымға бөлінген исламды тану үшін адамға едәуір ми керек"деп жазды Төртуыл Шоқан.
Барлық жаңалықтар