"Шерзат ісі": Жұрт білмейтін сұмдық-шындықтар

"Шерзат ісі": Жұрт білмейтін сұмдық-шындықтар

"Шерзат ісі" бойынша соттың үкімі шықты. Әйтсе де, қоғамда әлі де осы шулы іске байланысты пікірталас толастамай тұр деп жазады Democrat.kz.

Қоғам белсендісі Төртуыл Шоқан өзінің парақшасында "Шерзат ісіндегі" кейбір көлеңкеде қалған жайттарға тоқталып, жазба жариялады. "Айтбек Амангелдінің "Шерзат ісіне" шақырған адвокаттары мен жиналып, Назымгүл деген журналистке берген сұқбатын көрдіңдер ме? Назымгүлдің кемшіліктері: сұқбатты орыс тілінде жүргізгені: құқықтық сауаты жоқ болғасын, адвокаттар жауабын саралай алмағаны. Іс барысын сан-саққа жүгірткен— құқықтық сауаты жоқ қазақтарға ой салу үшін сұқбат қазақ тілінде өткізілуі керек еді. Иә, әуелде айтқанымдай, Айтбекті сырттан телінгені— халықтық резонансты басу: жұрттың көшеге шығып кетпеуін қадағалау болған. Ал халықтан қаржы жинауға қарсы болуы—халықтың "ұйымдасып" кетпеуін қадағалау екенін ұқтым. Қаржаубай, бұл істе жәбірленуші болып белгіленбеген қарындасы Перизаттың халықтан ақша жинап, пәтер алуына қарсы болғанын, өзі жазған "сообщениялар скриндары" арқылы дәлелденді. Қаржаубайдың жанұясында 5 несие болған. Осының ең ірісі—20 млн қаражатты банкке кешірткен де, қалғанына отсрочка алып берген де, жанұясын киіндірген де, балаларына планшет т.б заттарын алып берген де, ішіп-жеммен қамтамасыз еткен де, адвокаттық қызметті тегін көрсеткен де осы Айтбек командасы. (билік) Үй мәселесінде Республика партиясы басшысы, депутат Айдарбек Қожаназаров 20 млн беруге дайын болған. Бірақ, қауіпсіздік үшін ұсынылған Астана маңынан, мал ұстауға ыңғайлы арзан үй алуға Қаржаубай келіспеген, 70-80 млн т үйін сұраған. Оған бизнесменнің бюджеті көтермеген. Ал Алматы облысы әкімшілігіне хабарласқанда, олар үй мәселесінде үнсіз қалған. Айтбек командасының істен шеттетілуіне байланысты айтайық. Қаржаубай айтқандай Айтбек Шерзаттың апасына "грубить" етпеген. Кездесуге келген, айтқанды ұқпай қойған басқа бір "бөтен" әйелдің "әңгімеге араласпауын" сұраған. Қылмыскерлер арасында бастан-аяқ жүрген екі келіншектің жауапқа тартылуын сұрап жіберген бірнеше өтініштерін облыс прокуратурасы, бас прокуратура қабылдамаған. Нұрқанаттың өліміне байланысты, тергеу оны "өзі өлді" деген баппен шығармақ болғанда, "доведение до самоубийство" бабын біз теліттік, еңбек біздікі дейді. Қаржаубайдың "Айтбектен айныдым, оның адвокаттарынан емес" дегені шындық болмай шықты. Ол "сендермен жұмыс істемеймін" деп, адвокаттардың бәріне "сообщение" жазған. Қаржаубай сотқа қатыспаймын деп, іспен танысудан үнемі бас тартқан. Соттың алғашқы отырысына 10 күн қалғанда адвокаттар ауысқан. Кейінгі адвокаты Мейірман Шекеевтің "бұрынғы адвокаттар іс материалдарын бермей қойды" деп дүрбелең туғызғаны да жалған тірлік екен. Адвокаттардың өз ақшаларына жасаған (500 мың) іс скрин-көшірмелері мен, террабайттаған электронды вариантын сұрауға қақысы болмаған. Сотқа, іске жаңадан араласуына байланысты, іспен танысуға қосымша уақыт сұрап, өтініш түсірмеген. Бәрін "походу" жасаған. Ескі адвокаттардың ешқайсысымен телефон арқылы сөйлеспеген. Бірақ, Қаржаубай сот отырсына баратын кезде бұрынғы адвокаттарымен хабарласып, сотта қалай сөйлеу керек екенін ақылдасқан. Бұлар кеңес берген. Ал Қаржаубайдың бұрынғы адвокаттарына алғыс айтып, бұларды қарғаған халықты басудың орнына—үнсіз қалғаны маған түсініксіз. "Еңбегім бағаланбады. Енді біреуге көмектессем—атым басқа болсын" деді ғой Айтбек. "Сыры толық ашылмаған" сұқбат бойынша осы. Өздеріңіз көріңіздер. Енді, Қаржаудың өртенген үйін әкімшіліктің қайта салуы қаншалықты дұрыс? Олар "салдырып алып, сатып жібереміз" демесе, қауіпсіздіктері үшін үйді бірден басқа өңірден алғаны дұрыс шығар?" деп жазды Төртуыл Шоқан. Бұл жазбаға қатысты жұрттың пікірі екіге бөлінді. Бір тарап "мен Айтбек Амангелді деген азаматқа сенем. Қаржаубайдың көп сөздеріне, істеріне күмәндарым бар. Жалпы осы істе шикіліктер көп деп ойлаймын" десе, екінші тарап "Айтбекке сенім жоқ" деген пікірлер жазуда. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар