Әлеуметтік желіде бірнеше күннен бері бір еркектің шешенің түгін қалдырмай боқтап, аузына келгенін айтқан видеосы тарап жатыр. Осы видеоға қатысты Нұргүл деген келіншек түсінік беріп, мән-жайды тарқатып айтты деп жазады Democrat.kz.
Айта кетейік, желіде әлдебір еркектің былапыт, боғауызға толы бақырып, айғайлаған төмендегі видеосы тарады.
Нұргүл деген парақшадан видеоға қатысты түсінік берген келіншек: "Бұл видеодағы менің бұрынғы күйеуім Нұрғалиев Бауыржан. Ол ҰҚКде капитанболып жұмыс істейді.
Мен бірнеше рет ол жұмыс істейтін мекеменің басшысына хабарластым. ҰҚК басшылары Бауыржанмен сөйлесіп, мәселені шешеміз деп уәде береді.
Бірақ жағдай еш өзгермеді. Қанша жерге арыз жаздым, түк шықпады.
Біз ажырасқаннан кейін Бауыржан балаларын көруге келіп тұратын. Алайда ол менің өміріме араласып, мазамды алуын қоймай жүр.
Арадағы дау ортақ мүлікке қатысты шешілмей тұр", деп, жұрттан көмек сұрады.