Журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында діндар Бекболат Тілеухан анасының жаназасына қатысты жұрттың айтып жүрген алып-қашпа әңгімелер мен сұрауларға алғаш рет ашық жауап берді деп жазады Democrat.kz.
Еске сала кетейік, Бекболат Тілеуханның марқұм анасының жаназасы туралы түрлі қауесет бар. "Жұма күні жамбасы жерге тисін деп, шүйдесіне ұрған екен", "анасының мәйітін тігінен көміпті" деген сөздер шыққан болатын.
Жұрттың осы сөзіне қатысты діндар: "Шешемнің өз өсиеті солай болды. Жұма күні қайтыс болды. Оны әдейі жұма күні жерлеу үшін дегеннің бәрі өтірік. Шешемнің арманы жұма күні кету еді. Алла ниетін қабыл етті",-деді.