Шетелде жүрген Бауыржан Байбекке қатысты тың дерек шықты

Шетелде жүрген Бауыржан Байбекке қатысты тың дерек шықты

ҚР Сыртқы істер министрлігі Бауыржан Байбектің Жапониядағы ықтимал қызметіне қатысты ресми түсініктеме берді деп жазады Democrat.kz.

Бұған дейін ашық дереккөздерде Алматы қаласының бұрынғы әкімі шетелде жұмыс істеп, жапон инвестициясы мен технологияларын тартуға бағытталған жобаларға қатысып жүргені туралы ақпарат тараған еді.

2025ж. күзінде оның әпкесі Айгүл Байбек телеграм-арналардың біріне берген сұхбатында Бауыржан Байбектің шамамен бір жарым жыл бойы Жапонияда болғанын және жапон капиталының қатысуымен инновациялық жобаларды дамытуға атсалысып жүргенін айтқан.

Алайда Қазахстан Республикссының Сыртқы істер министрлігі жолданған ресми сауалға жауап ретінде ведомство Бауыржан Байбектің Қазақстан мен жапон ІТ-компаниялары арасындағы ынтымақтастықты ілгерілетуге қатысы бар екені туралы мәліметтің жоқ екенін хабарлады.

Министрлік мәліметінше, Қазақстан азаматы Бауыржан Байбектің жапон ІТ-компанияларымен ынтымақтастықты дамытуға тартылғаны немесе осы бағыттағы келіссөздерге қатысқаны жөнінде ресми ақпарат тіркелмеген.
Бұл мәселеге қатысты қосымша түсініктеме берілген жоқ.

Барлық жаңалықтар