Шетелдік мұғалімнің тәрбиесі біздікілерді "шок етті" (ВИДЕО)

Шетелдік мұғалімнің тәрбиесі біздікілерді "шок етті" (ВИДЕО)

Шетелдік мұғалімнің тәрбие сабағы қазақстандық мұғалімдерді кәдімгідей "шок етті" деп жазады Democrat.kz.

Видеода американдық мұғалімнің әр адам өз жеке шекарасын, тәнін қалай қорғауды, ал егер әлдекім денесіне қол жүгіртсе, не боларын әндетіп түсіндіруде. 

"Мынау менің ерекше жерлерім" деген әнмен әуретті жерлерін көрсете отырып түсіндірген мұғалім "егер ол жерге қол тигізсең, шешеме, әкеме, апайға айтамын" деп ескерту жасауды үйретуде. 

Осы видеоны көрген біздің мұғалімдер "біз осылай етсек, ата аналар жиналысын жасап, кткға шығып кетерміз", "мен садикте үйреткем. Сөйтсем папасы шомылдыратындар шағым атқан", "мынаны үйретсек, "Астарлы ақиқатта" отырамыз ғой" деген пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар