Корея азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы отандастарына ойланатын әңгіме айтты, деп жазады Democrat.kz.
«Шетелде менің ешкімім жоқ. Бауырларым да жоқ. Қасымда не құрбым, не ағам, не тәтелерім жоқ. Біз қазақ болғаннан кейін ұйымшылмыз, көпшілміз, бір-бірімізге барып, шәй ішкенді жақсы көреміз. Сөйлесіп, барды бөлісіп. Қартайғанда адамдарға ештеңе керек емес болып қалады ғой. Өйткені баратын жері, араласатын адамы болмайды. Мен де тура солай болып қалдым.
Өйткені бір ғана Мистер Ким бар (Күйеуі-ред.) Оның өзінде оның менімен сөйлесуге уақыты жоқ. Жұмыстан шаршап келгенде одан маған назар аударуын күтемін. Содан бізде ұрыс шыға береді. Үйім бар даңғарадай үлкен, бірақ соған келетін қонақ жоқ. Береке жоқ. Ақша бақыт әкелмейді», – деді ол жанарына жас іркіліп.
(Мақаланы ұрлап, көшіріп басатын сайттарды заңмен жауапқа тартатынымызды ескертеміз!)