"Шетелге бала сатқан": Экс депутат Сара Алпысқызы туралы естеліктерімен бөлісті

"Шетелге бала сатқан": Экс депутат Сара Алпысқызы туралы естеліктерімен бөлісті
Көптен жұрт көзіне түспей кеткен бұрынғы депутат, белсенді шенеунік болған Бақыт Сыздықова желідегі парақшасында Сара Алпысқызынына арнап жазба жариялады деп жазады Democrat.kz. 
 
Бақыт Сыздықова өз жазбасында Сара Алпысқызын мерейлі 85 жасқа толған туған күнімен құттықтап, ол туралы ерекше естеліктерімен бөлісті. 
 
"Мен оны өзімнің ұстазым деп санаймын. Кезінде қасында алты жыл бірге жұмыс істедім. Сол кездері оның әр күн сайын Қазақстанның балаларына арнап қаншама игі істер жасағанын көрдім. Ешқандай пиарсыз, еш даурықпай қаншама жұмыстар атқарды. 
 
Қазір ойлаймын, сол кезде пиар жасауы керек еді. Сонда жұрт қазіргідей "балаларды орган ретінде сатты" дейтін бос сөздерді айтпас еді.
 
Мысалы, егер бала асырап алуға қатысты болса, онда, "Бөбек" қорының мұндай мәселеге еш қатысы болмады. Заң бойынша бала асырап алуды әкімдік, білім департаменттері шешеді.
 
Ал шетелдіктің бала асырап алуына Сыртқы істер министрлігі, Үкімет, сот тікелей араласады.
Ал "Бөбек" қорының мұндай функциясы жоқ еді. Бұларды жазу себебім, былтырғы дәл оссындай құттықтау постымның астына жұрттың "шетелге бала сатты" дейтін пікірлері себеп болды. Бүгінге дейін сол пікірлерге ашуым келеді.
 
Адамдар заң мен тәртіпті білмей жатып, не болса соны жазатынына ренжимін.
 "Бөбек" қоры миллиондаған қайырымды іспен айналысып, қаншама баланың өмірін сақтап қалды. 

Сол кездері жұмыстан кейін де қалып, кештетіп жұмыс істейтінбіз. Сондайда "бұл кісі Бірінші ханым ғой, осылай жұмыс істеудің не қажеті бар, рахаттанып өмірін сүрмей ме" деп ойлайтынмын. 
 
Сара Алпысқызының еңбекқорлығы мен темірдей тәртібі, үнемі ізденісте жүретіні мені қайран ететін. 
Өзін биік қойып, кеуде кермейтін, адами қалпын сақтайтын", деген Бақыт Сыздықова ұстазы Сара Алпысқызына игі тілектерін жолдап, "Сара Алпысқызының жағдайы жақсы, тірі" екенін де жеткізді. 
 
Барлық жаңалықтар