Шілденің соңына қарай ауа-райы қалай өзгермек?

Шілденің соңына қарай ауа-райы қалай өзгермек?

Осы жылдың шілдесінің аяғына қарай әр өңірде әртүрлі өзгерістер күтілуде деп жазады Democrat.kz. сайты Kazhydromet.kz-ке сілтеме жасап.

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен республика бойынша өткінші жаңбыр, найзағай, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Шығыс Қазақстан облысында қатты жаңбыр жауады деп болжануда. Қазақстанның оңтүстігінде ғана Иранның аудандарынан құрғақ ауа массаларының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

         Ауа температурасына келетін болсақ, Қазақстанның батыс өңірлерін қоспағанда, еліміздің басым бөлігінде біртіндеп ауа температурасы жоғарылайды. Күндізгі уақыттарда термометрлердің бағандары республиканың солтүстік жартысында 30-38 градусқа, оңтүстік жартысында 33-44 градусқа жетеді.

Барлық жаңалықтар