"Шімән апа" деген атпен танымал актер Ерболат Төлегенов біраз уақыттың ішінде адам танымастай өзгеріп, үлкен салмақтан арылғаны белгілі. Актер дене сымбатын қалай қалыпқа келтіргенін жасырмай айтып берді деп жазады Democrat.kz.
Журналист Анна Данченкоға берген сұхбатында біраз құпиясымен бөліскен актер Аннаның: "Сіздің арықтағаныңыз хит болып жатыр, тағамдардың біразынан бас тартыпсыз, тәтті жемейсіз бе? деген сұрағына ашық жауап берді.
"Жоқ қазір жеп жүрмін, былтыр жемейтінмін. Белгілі бір мөлшері бар, соны үйреніп алғанмын. Диетологпен жұмыс жасадым.
Әлеуметтік желіде маған айтады, қалай арықтадың маған айтшы, тура соны жасаймын деп. Мен айтамын, сен мен жасағанымды жасама деп. Екеуміздің организмдеріміз әртүрлі ғой.
Мен негізі 2011-ден бері аз-аздан диета ұстап жүрдім ғой. Мысалы 2009-да 120 килодай болдым. Содан ақырын 5-10 килодан тастап жүрдім. 3 ай ашықтым.
Үйден шықпай, сорпадан басқа ешнәрсе татпадым. Кейін шөп-шалам, жұмыртқа қайнатып жеп жүрдім. Нәтижесінде 2 айда 20 килограмм тастадым. Асқазан кестірді дейді, мен асқазан кестіретіндей шошқа емеспін ғой. Қазір аз-аздан күніне 7 рет тамақтанамын", деді актер.