«Шошаңдамай, жөнімен жүрсе...» – Жүсіп Ақшора көрерменге жақпай қалды

«Шошаңдамай, жөнімен жүрсе...» – Жүсіп Ақшора көрерменге жақпай қалды

«Шаншар» театрының белді актері Жүсіп Ақшора мен келінінің өзара түсірген вайндары көпшіліктің қызу талқысына түсті, деп жазды Democrat.kz.

Шығарылымда әзілкештің жас босанған келініне ауыр көтертпей, суық ұстатпай, күтімін өз қолына алғанын көруге болады. Алайда, көріністі көрген желідегі жұрт қайын атаның келінінің алдында қалбақтауын жақтыра қоймады. 

«Ата-бабамыздың салтын ұмытты. Атасы келінімен жағаласып, осыны жасап, ақша табу ғой», «Аталар не болып барады?!», «Ата шошаңдамай, үйінде жөнімен жүрсе ғой» десті. 
Әртісті «Қамқор болса не болыпты?!» деп ақтауға тырысқандар да табылған.

 

Барлық жаңалықтар