ТикТокта қазақша қатесіз, ана тіліндей сөйлейтін Карина атты қыз қазақстандық мәңгүрттерге реніш білдіріп, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.
"Біздің Қазақстандағы қазақша білмейтін мәңгүрттерге, қазақтарға, әсіресе орыстарға ренжідім. Маған "сиырсың", "орыссың", "сасықсың" дегендерің дұрыс емес. Аллаға шүкір, өмірді маған үйретпеңдер. Өзім де білемін. Не сөйлеп, не сөйлемеуді" деген Карина "орыс басыммен қазақ сияқты болып жүрмін ғой" деп өкпесін жеткізді.