"Шыдай алмайтыным рас" деген журналист ерекше жазба жариялады

"Шыдай алмайтыным рас" деген журналист ерекше жазба жариялады
Журналист Бибігүл Дәулетбекқызы оқырмандарына алғыс айтып, ерекше жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
 
"Рұқсат етсеңіздер, дәл қазір өз аудиторияма жылы лебізімді айтқым келіп отыр.
 
Иә, ешқашан өзім үшін ешкіммен әлеуметтік желіде сөзге келмеппін. Пенделерді бір Аллаға тапсырып жүре беремін. Осында әділетсіздікті байқап қалсам, шыдай алмайтыным рас.
 
Сол адам үшін кімдермен соғысып, қырылмадым десеңізші? Ол ісіме өкінбеймін де. Қолымнан менің не келеді? Тек жазу. Содан бұрқыратып жаза берем, жаза беремін…нәтиже шықпағанша жазамын.
 
Бұл ісім біреулерге ұнамайды. Сыртымнан небір сөздерді айтады. Жылан секілді ысылдап, уын шашады. Жүрегімді жараласа да, әрі қарай жазамын. Міне, сондай кездері менің адал оқырмандарым қорғап шығады.
 
Сіздерді қатты-қатты жақсы көремін. Әрбіріңізді құшағыма қысып, рахметімді айтқым келеді. Әсіресе менің сыртымнан біреу күңкілдеп зәрін төккенінде, әлгінің бетін кері қайтарып жіберетін баға жетпес адал адамдарыма алғысым шексіз.
 
Екі дүниенің бақытына бөленіңіздер, жақсыларым!
Темірланға көлік сыйлаған да - менің оқырманым болып шықты. Ол кісі өзінің аты-жөнін құпия ұстауды жөн санады.
 
Бағана шыдамай (историяма) бөліскен едім қуанышты, «керек емес еді», - дегеннен соң, алып тастадым. Бәрінен бұрын бұл кісінің мәрттігін айтсаңшы, «Халықтың атынан» деп сыйлады ғой көлікті.
 
Бір қызығы - жомарт жан трайбализмен ауырмайды (бұндайға да қуанатын болдық қой). Менің жазған жазбаларымды оқып отырып, жаны шыдамай кеткен. Иә, ол кісі Темірланмен рулас та, жерлес те емес.
 
Аға, мырзалық таныттыңыз. Танымасам да (Сіз бен Темірланды) жасаған ісіңізге құрметім жоғарылады. Қазағымның азаматы осылай әрбір баласын қолдап-қорғап жүрсе деймін.
 
Бірі аға, енді бірі іні болып ізгі ниеттерін көрсетсе, әрине Қазақ деген ұлтымды ешқандай жау ала алмайды. Бүгін сондай істің куәсі болдым.
Мың алғыс баршаңызға!"деп жазды журналист.
Барлық жаңалықтар