Шығыс Қазақстан облысында 48 мектеп директорсыз отыр. Бұл туралы ШҚО Білім басқармасының басшысы Қуат Оқасов мәлімдеді, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Buqara.kz.-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, өңірде ұстаздардан бөлек, мектеп басшыларының да тапшылығы байқалады.
Анықталғандай, мұғалімдер директорлық қызметтен гөрі ұстаздық жолды таңдауды жөн көреді.
- Бүгінде облыста 48 мектепте директор жоқ. Бұл өзекті мәселе, - деді басқарма басшысы Қуат Оқасов.
Облыста мұғалімдер де жетіспейді. Әсіресе кадр тапшылығы Алтай, Марқакөл және Ұлан аудандарында байқалады.
Білім басқармасында бұл мәселені шешу бағытында бірқатар жұмыс жүргізіліп жатыр.