Шымкентте 75 жастағы тұрғыннан сібір жарасы анықталды, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Almaty.tv.-ге сілтеме жасап.
Алдын ала дерек бойынша, ол инфекцияны базардан сатып алынған еттен жұқтыруы мүмкін. Мәліметтерге қарағанда, күдікті кәсіпкер алты бас ірі қараны сойып, өнімін қаладағы сауда нүктелеріне өткізген.
Алайда өзіне тиесілі бордақылау алаңын тексеру кезінде құзырлы органдарға кедергі келтіргені айтылып отыр.
Қазір мамандар індеттің таралу жолдарын анықтап жатыр. Науқас ауруханаға жатқызылып, дәрігерлердің тұрақты бақылауында.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, пациент толық тексеруден өтіп, диагноз зертханалық нәтижелермен расталған. Емдеу бекітілген клиникалық хаттамаға сәйкес жүргізілуде.