Шымкентте Димаш Құдайбергеннің қарындасының тойы дүркіреп өтті

Шымкентте Димаш Құдайбергеннің қарындасының тойы дүркіреп өтті

Шымкентте белгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы – Раушанның үйлену тойы дүркіреп өтті. Ол Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Абай ауылына келін болып түсті, деп хабарлайды Democrat.kz.

Салтанатты шарада жас жұбайлар Мирас пен Құралайдың орындауындағы «Жас жұбайлар» әнімен сән-салтанатпен залға енгізілді. Қуаныш иелерін құттықтауға екі жақтың туыстары мен өнер қайраткерлері жиналды. Димаштың әжесі Миюа апа Раушан мен оның жары Ермаханға жүрекжарды тілегін айтып, ақ батасын берді.

Әлеуметтік желіде Димаштың тост айтып, жас жұбайларға ұзақ әрі бақытты өмір тілеуі бейнеленген видеолар тарады.

Сондай-ақ, қалыңдық Instagram парақшасында қонақүйде өткен романтикалық фотосессиядан әсерлі суреттерімен бөлісті. Ерлі-зайыптылар некелесу туралы куәліктері мен алтын неке жүзіктерін көрсетіп, қуанышты сәттерін жұртпен бірге атап өтті.

Барлық жаңалықтар