Шымкентте хиджабтағы әйелі екі келі мефедронмен ұсталды

Шымкентте хиджабтағы әйелі екі келі мефедронмен ұсталды

Шымкентте полиция қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде аса ірі көлемде синтетикалық есірткі заттарын тасымалдау және сақтаумен айналысқан әйел құрықталды деп жазады Democrat.kz.

Тәртіп сақшылары күдіктіні тоқтатып, тінту амалдарын жүргізу барысында оның сөмкесінен жалпы салмағы 2 килограмды құрайтын мефедрон салынған төрт ірі пакетті анықтады.

Сонымен қатар әйелдің жанынан есірткі заттарын бөлшектеп өлшеуге және орауға арналған электронды таразы мен арнайы зип-пакеттер тәркіленді. Жедел уәкілдер мұнымен шектелмей, күдіктінің жалдап тұрған пәтерінде де тінту жұмыстарын жүргізді.

Тұрғын үйді тексеру барысында полиция қызметкерлері әрқайсысының салмағы бес граммнан болатын, сатуға дайындалған 32 орама синтетикалық есірткіні тауып, тәркіледі. 

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 Полиция өкілдері есірткі заттарының қайдан жеткізілгенін және бұл қылмыстық желіге қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу амалдарын жалғастырып жатыр.

Барлық жаңалықтар