Шымкентте өткен тойда әйел қонақтарға сахнадан қатаң ескерту жасап, әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.
Видео кадрларында оның: «Әйел, еркек, бала — бәрің тыныш отырыңдар!» деп микрофонмен айқайлағаны көрінеді.
Оның бұл әрекеті желіде түрлі реакция тудырды. Бірі тәртіп пен тыныштықты талап еткенін құптаса, енді бірі той — көңіл көтеретін жер екенін айтып, әйелдің әрекетін орынсыз деп бағалаған.
Пікір қалдырғандар арасында: «Тойда тыныш отыратын болсақ, үйден шықпай-ақ қояйық», «Басып-жаншып, отырысты концертке айналдырып жіберді ғой» деген әзіл-шыны аралас сөздер жазылған.