Шымкенттік балаларды өз анасы ыстық үтікпен күйдіріп, қорлаған

Шымкенттік балаларды өз анасы ыстық үтікпен күйдіріп, қорлаған

Шымкентте балалар өздерін ұрған, түрлі қорлық көрсеткен аналарына қарсы сотта куәлік беруде деп жазады Democrat.kz. сайты  Elordamedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Сот отырысында балалар аналарының оларды ұрып-соғып, қызған заттармен күйдіргенін айтып берді.

Сотталушы әйел бір жолы шанышқыны газға қыздырып, онымен баланың аузын күйдіргенін растады. Сондай-ақ ұлын темекімен көргеннен кейін үтікті қыздырып, бетін, іші мен бөксесін күйдіргенін мойындады.

29 жастағы әйел кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Айыптардың ауырлығына қарамастан, бұрынғы енесі сотта әйелді кешіретінін мәлімдеді. Алайда іс қылмыстық өндіріс аясында қаралып жатыр.

Барлық жаңалықтар