Шымкенттік белсенділер аштық жарияламақ

Шымкенттік белсенділер аштық жарияламақ
Шымкент қаласының бір топ зейнеткер, қоғам белсенділері қамауда жатқан Марат
Жыланбаев, Думан Мұхамедкәрім, Айгерім Тілеужан т.б саяси тұтқындарды босатуды талап етіп, аштық жариялайтындарын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
 
Бұл туралы қоғам қайраткері Жарқынбек Сейтінбет әлеуметтік желіде мәлімдеді. 
 
"Елдің, ұлттың қамын, халқының адал, әділетті демократиялық қоғамда өмір сүруін, сол ұлттың оқыған, көзі ашық, адал перзенттері ғана ойлап, мақсатына жетуге әрекет жасайды.
 
Егемендік алғалы қазақ қоғамы азып, тозды байлығы аз ғана топтың қолына өтті . Сайлау бар, халықтың таңдаған үміткерді сайлау құқы жоқ. Сайлау арам өткен соң, кімдердің сайланып келгені белгілі.
 
Сайлаудың толық тізгіні халықта емес билік пен нұротанда, одан қалды баласы Аманатқа өтті.
 
Бұл әрине халықтың ашу- ызасын тудырды. Әзір халық таңдап қолдайтын бірде-бір партия жоқ. Халық таңдаған партияларды қасақана тіркемейді....
 
Осындай қоғамдағы әділетсіздіктерді айтқан, талап еткен азаматтарды қамайды, қудалайды, арсыздықпен отбасыларына қысым жасайды.
 
Біле білгенге бұлар сол күштік құрылымдардың ұрпағының да қамын ойлауда. Олар азаматтық
таныту орнына , азаматтарға құрық салады.
 
Ертең ел алдында жерге қарайтынын білмейді. Диктатор, өз қазағын өзі, туыстары, айналасындағылармен бірге тонаған Назарбаевты да қорғадыңдар.
 
Қаншама азаматтар сотталып, өлтірілді... Мансап, кресло қызмет үшін ұлт мүддесін сатуға болмайды.
 
Біз Шымкент қаласы зейнеткерлері ұлтының мұраты үшін, жазықсыз қамауда жатқан Марат
Жыланбаев, Думан Мұхамедкәрім, Айгерім Тілеужан т.б саяси тұтқындарды Президент
Қ.Тоқаевтан босатуын талап етіп 30.09.2025ж аштық жариялауға қала әкімі Ғ.Сыздықбековке
19.09.25ж хабарлама тастадық.
 
Мен, аштық жариялауға Шымкент қаласы "Наурыз" алаңын таңдадым....Негізі заңда митинг, пикетке хабарлама тастаса болды.
 
Қала әкімі жауабын күтеміз. Алаш арыстарының бірі
Ж.Аймауытов " Өз зиялыларына қырғидай тиген үкіметтен мен еш уақытта кешірім сұрамаймын" дегеніндей, өз зиялыларына, азаматтарына қырғидай тию өз отанымызда орын алуда.
 
Әзіргі көзі ашық ел, ұлт қамын ойлайтын үлкендер үндемесе: Ә. Бөкейханов айтқандай:
Үндемей өлсек,
Сүйекпен көмсек.
Кейінгілер демейме,
Лақ құрлы бақырмай
Өлген екен апырым- ай дегеніндей, ұрпағымызға не айтамыз?" Деп жазды Жарқынбек Сейтінбет. 
Барлық жаңалықтар