Шымкенттік отбасы FlyArystan-ды сотта жеңіп шықты

Шымкенттік отбасы FlyArystan-ды сотта жеңіп шықты

"FlyArystan" рейсінің кешігуіне байланысты үш адамнан тұратын отбасы демалысқа бара алмай қалды. Сот авиакомпаниядан турдың толық құнын және моральдық шығынды өндіріп алды деп хабарлайды Democrat.kz.

Қазақстанда жолаушылардың құқықтарын бұзатын авиатасымалдаушыларға қатысты сот практикасы баяу қалыптасуда. Бізде авиакомпаниялар овербукинг пен кешігу үшін өтемақы төлеуге мәжбүр болған жағдайлар бар, тіпті ұшудан кейін жоғалып кеткен жануар үшін де өтемақы төленуі қажет.

Міне, сондай бір  мысал-FlyArystan кінәсінен Катарға үш адам бара алмай қалып, олар сотқа шағымданған.

Олар демалыстың барлық шығындарын өтеуді талап етіп, сотқа жүгінді. 

Юрий мен Ирина Трепелковтар тағы бір отбасы мүшесімен бірге Дохаға тур сатып алады. Олардың ұшуы Алматыдан жоспарланған, ал олар Шымкентте тұрады. Сондықтан Трепелковтар Алматыға Шымкенттен Катарға кетерден 5 сағат бұрын келуге тиіс FlyArystan  рейсіне билет алады. 

Өзіміз білетіндей, отандық әуе таымалдаушыларға қалыпты жағдай емес пе? FlyArystan сол күнгі ұшу рейсін бақандай  6 сағатқа шегерген.  Міне, осылайша Юрий мен Иринаның Катарға ұшатын рейсі оларсыз ұшып кеткен.

Бүкіл отбасылық демалысының бытшыты шыққан Трепелковтар әуе компаниясынан шығындарын өтеп беруді талап еткен. 

Өкінішке қарай әуе компания тек Шымкенттен Алматыға ұшу билеттерінің құнын өтей алатындарын айтады. 

Алматы қаласы, Түрксіб аудандық соты Индира Әбекова  FlyArystan компаниясының кінәсінен Трепелковтар шығынға батқанын, бүкіл демалыс турына кеткен шығында отандық әуе компанияға өтеу туралы шешім шығарды.  

Сот  әуе компаниядан  1,3 миллион теңге демалыс шығындарын өтеуге және әрбір отбасы мүшесіне моральдық өтемақы ретінде 200 мың теңгеден төлеуге шешім шығарды. Сот шешімі әзірге күшіне енген жоқ. 

Барлық жаңалықтар