Шыңғыс айтматовтың қарындасы маңызды мәлімдеме жасады

Шыңғыс айтматовтың қарындасы маңызды мәлімдеме жасады

Жазушы Шыңғыс Айтматовтың қарындасы Роза Айтматова үкіметке үндеу жасап, классик қаламгердің туғанына 100 жыл толуына орай ауқымды іс-шаралар өткізуден бас тартуды сұрады деп жазады Democrat.kz.

Оның айтуынша, мерейтойға бөлінетін бюджет қаржысын халықтың тұрмысын жақсартуға бағыттаған жөн.
Бұл туралы “24.kg” арнасына сілтеме жасап хабарлады.
Роза Айтматова мерейтой қаржысы қоғамда дау тудыруы мүмкін екенін алдын ала сезіп отырғанын айтты.
«Міндетті түрде “Айтматовтың 100 жылдығына бөлінген қаржыны басқа бір пайдалы іске жұмсауға болар еді” деген әңгіме айтылады. Сондықтан мен үкіметтен бұл қаражатты қарапайым халықтың өмір сапасын арттыруға бағыттауды сұраймын. Бұл оған деген ең шынайы құрмет болар еді», - делінген үндеуде.

Сондай-ақ ол жазушының өмірден өткеніне 17 жыл өтсе де, оның есімі әлі күнге дейін қоғамда пікірталас пен сынға арқау болып келе жатқанын атап өтті.
«Шыңғысты мадақтаудың да, қаралаудың да қажеті жоқ. Ол тыныштықта мәңгі дамыл тапсын», - деді Роза Айтматова марқұм жазушының рухын мазаламауға және есімін дау-дамайға араластырмауға шақырып.

Айта кетейік, бұған дейін Қырғызстан Қаржы полициясының бұрынғы басшысы Сыймык Жапыкеев журналист Ернис Қыязовқа берген сұхбатында Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығын сынап, оның еңбектерін «орташа» әрі «бес тиындық» деп бағалаған болатын.

Барлық жаңалықтар