Қазақстан мобилизация кезінде елден кеткен ресейліктерді кері қайтару туралы шешім қабылдаған жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Ержан Ашықбаев мәлімдеп, БАҚ-та тараған мұндай ақпараттарды қауесет деп атады, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz. -ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, Қазақстан халықаралық ережелерге сәйкес әрекет етеді. Алдымен шетел азаматтары баспана іздеуші тұлға мәртебесін алады, содан кейін уәкілетті органдар шешім қабылдайды. Егер адам бұл шешіммен келіспесе, ол сотқа жүгінуге құқылы. Тек содан кейін ғана оны отанына қайтару мәселесі қаралуы мүмкін.