"Сізге бес бала аз ба?!" деген баланың әрекеті жүректі ауыртты

"Сізге бес бала аз ба?!" деген баланың әрекеті жүректі ауыртты

Әлеуметтік желіде балаларына пранк жасаған ата- анасы ыңғайсыз сұраққа тап болды деп жазады Democrat.kz.

Бес қызы бар отбасының ата-анасы "алтыншы балаға аналарыңның аяғы ауыр" деп пранк жасады. 

"Алтыншыма жүктімін" деген Маржан Алтынбаеваның өзі қыздарынан мынадай реакция күтпесе керек. Бес қызы да "сүйінші хабарды" естіген сәтте, бірден түрлері бұзылып, жан жаққа кетісті. 

"Мынау екеуі де бізге аз емес еді" деген үлкен қыздың бірі соңғы кішкентай екі сіңлісін меңзеді. 

Ал тағы бір қызы "сізге бес бала аз ба?!" деп даусы кемсеңдеді. 

Видео әрине, пранк ретінде түсіріліпті. Десек те, біздің кей ата-аналардың балаға бала бақтыру әдеті әлі күнге дейін жалғасып келе жатқанын сынап, "мынау дұрыс емес"деп пікір жазғандар аз болмады. 

 

Барлық жаңалықтар