Таяу Шығыстағы шиеленіс жаһандық саудаға соққы болып тиді. Әлемнің ең сәнді қалаларының бірі Дубай үлкен тапшылықтың алдында тұр деп жазады Democrat.kz. сайты Atoi.kz.-ке сілтеме жасап.
Германияның ірі логистикалық компаниясының басшысы Штефан Паульдің мәлімдеуінше, Дубайда сырттан келетін балғын өнімдердің қоры тек 10 күнге ғана жетеді. Бұл туралы немістің Heute басылымы жазды.
Негізгі мәселелер:
• Тасымал тоқтады: Теңіз және әуе жолдарындағы кедергілер тауар жеткізуді қиындатты.
• Рейстердің шектелуі: Әуежайлардың жабылуы бірінші кезектегі қажетті тауарлардың тапшылығына әкеп соғуы мүмкін.
• Балама жол жоқ: Сауд Арабиясы арқылы келетін құрлық жолы Дубайдың сұранысын толық өтеуге қауқарсыз.
Ненің бағасы өседі?
Сарапшының айтуынша, ең қиын жағдай көкөністер мен жеміс-жидек нарығында болмақ. Егер дағдарыс ұзарса, бұл өнімдер сөрелерден жоғалып, баға күрт шарықтауы мүмкін.
Бұл жағдай тек Дубай емес, бүкіл Парсы шығанағы елдеріне қауіп төндіріп тұр.