"Сол керек сендерге!"деген журналист "Қаңтар оқиғасы" құрбандарын кінәлап, ауыр сөздер айтты

"Сол керек сендерге!"деген журналист "Қаңтар оқиғасы" құрбандарын кінәлап, ауыр сөздер айтты

Белгілі журналист Мөлдір Нұрман әлеуметтік желідегі тікелей эфирде "Қаңтар оқиғасына" қатысқандарды кінәлап, ауыр айыптау сөздерін айтып, жұрттың ренішін оятты деп жазады Democrat.kz.

Журналист Мөлдір Нұрман тікелей эфирдегі пікірталас барысында: "Қоймайды ғой, Қаңтарды айтып. Қақылдап. Сауап өзіңе! Сол керек! Басыңа бәәле тілеп алып, өзің шықтың сол кезде!

Жүрсің ғой, жаның аман. Анау арандатып шығарып, атқызып, өзің жүрсің басың аман. Тоспадың ба, кеудеңді оққа сол кезде. Бұлардыкі өтірік батырлық қой. 

Шықсаң, шығыпсың! Не істейік енді? Жасаған жақсылығың сол ма сенің? Сонша халықтың мүлкін бүлдіріп, халықтың басын бәйгеге тігіп?!

Бірінің басын шаптырып, бірін соттатып, сендердің батылдықтарың сол ма? 

Құрып кетіңдерші! Құдай тас төбелеріңнен ұрсын! Елді ақымақ санай ма?

Анаусы жүр анау, төрт жасар қызын көшеге шығарып, сондай соғыс болып жатқан кезде қаңғыған оққа ұрындырып...өзі кезінде қыз зорлап, он жылға сотталып, шыққан. Соның қаны ұрды ал! Өзі зорлап, өлтірген қыздың қаны ұрды төрт жасар қызын!

Ал сендерге ақиқат керек пе?! Отырып алып, сол қызды айтып. Оның әкесі кінәлі! Шешесі кінәлі! Далада соғыс болып жатқанда алып шыққан қауіпсіздігіне қарамағаны үшін. 

Зерттеп көрсек, әкесі қыз зорлап, сотталған. Келіп алып, халықты арандатады, иттің баласы. Сауап! Өзіне сол керек! Алла ешкімнің көз жасын жібермейді. 

Біреудің қызы қыз емес, өзінің қызы қыз ба сонда?!"деді. 

Журналистің бұл сөздеріне қатысты ренішке толы пікірлер жазып жатыр. 

Барлық жаңалықтар