Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 3 адам тірідей жанып кетті

Солтүстік Қазақстан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 3 адам тірідей жанып кетті

Кеше кешкісін Солтүстік Қазақстан облысының М. Жұмабаев ауданына қарасты Полтавка ауылында жеке тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды Democrat.kz.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына келген құтқарушылар үйдің толығымен ашық жалынға оранғанын анықтаған.

Өртті сөндіру барысында үш адамның мәйіті табылды – олардың бірі 1968 жылы туған әйел, екеуі – 1981 және 1979 жылы туған ер адамдар.

Өрт 40 шаршы метр аумақта өшірілді. Операцияға ТЖД-ның 8 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылды.

Барлық жаңалықтар