Солтүстік Қазақстан облысында тосын оқиға орын алды. Дүкеннен алынған торттың ішінен кәдімгі тіс шыққан деп жазады Democrat.kz.
Оқиға Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Соколовка ауылында болған.
Тұрғын Владимир Медведев елдімекендегі азық-түлік дүкенінен кондитерлік өнімді сатып алған. Тортты кесіп жатқанда ортасынан адамның азу тісін алып шыққан.
Компания өкілдері мәселені жылы жабуды өтініп, тұрғынға моральдық өтемақы ұсынған көрінеді.
Ал кәсіпкер тұтынушы менен ақша бопсалады деп полицияға арыз жазыпты. Тәртіп сақшылары тергеу жүріп жатқанын растады.