"Сонда мұғалім еш демалмауы керек пе?!"деген белсенді ұстаз жан айқайын жеткізді

"Сонда мұғалім еш демалмауы керек пе?!"деген белсенді ұстаз жан айқайын жеткізді

Белсенді ұстаз Мұзаффар Сайдуллаев Оқу ағарту министрі мен Түркістан облыстық Білім басқармасына үндеу жасап, білім саласында болып жатқан келеңсіздіктерге назар аударуды сұрады деп жазады Democrat.kz.

Өз жазбасында Мұзаффар Сайдуллаев: "Жұлдыз Сүлейменова ханым, Түркістан облыстық Білім басқармасы басшысы Ғалымжан Орынов мырза!

13 ақпаннан бастап білім класс порталында бағаларды тек бір күн ішінде,яғни сабақ өткен күні қойылу міндет ,баға сабақ өткен күні қойылмаса басшыға тәртіптік жаза, басшы мұғалімге тәртіптік жаза қолданылу керек екен!

 Тәртіптік шара беруден алдын, біз сияқты ауылда тұратын мұғалімдердің хал-жағдайымен танысып көрдіңіз бе? Интернет желісі бір күн істесе,бір күн істемейді, кейде білім класс ашылмайды, былай тапсырма берудегі мақсат не? Жеке басым кешкі сағат 20-50 де сабағым бітеді, соңғы сабақта бжб не тжб аламын, жарты сағатта үйге барсам, тамағымды ішіп, отбасыммен отырып демалғанша сағат 22: 00 ден асады, бжб,тжб ны тексеріп болғанша түнгі он екі болады, сонда мен демалмауым керек пе?

Бұл бір менің басымдағы жағдай емес ! Сіздерге айту оңай шығар, практикада бұл ақылға сыймайтын нәрсе!

Басшы болып, мұғалім мәртебесін қолдаудың орнына, қорлау сипаты айқан көрініс тауып жатқан сияқты? !

Бізді мектепте шемішке шағып,өсек айтып жүр деп ойласаңыз қателесіпсіз құрметті Орынов мырза! Түннің бір уағына дейін қмж, ии,тағы басқа ресурстармен айналысамыз,сенбі,жексенбі тесттен өту уақытымыз болса шығармашылықпен айналысамыз , не үй жұмысымен айналысамыз!

Сіз қай заңға бағынып мұғалім мәртебесіне қарсы шығып тұрсыз! Қазіргі таңда қорлау, қысым жасау сипатындағы процесс буллинг есептеледі, буллингті жою және оны болдырмау мақсатында Заң өкілдері тарапынан ауқымды іс- шаралар өткізілуде!

 Қорлау, қысым жасауға итермелеген кез келген тұлға Заң алдында жауапты!

Мына көтерген мәселемді зерделеп,зерттеп, маған шұғыл кері байланыс берулеріңізді сұранамын! Айтпақшы, тағы бір ұсынысым,мектепте сабақ кестесі 76 бұйрыққа сәйкес түзіледі және сабақ кестесін жыл сайын СЭС.прокуратура тексереді, егер біздің күнделікті жұмыста білім классты толтыруымызды талап етсеңіз, Министрліктен осы бұйрықты ауыстырып беріңіз, біз ертерек сабағымызды өтіп, интернет желісі болмаған жағдайда қалаға барып,толтырып, сіздің бұйрығыңызды орындайық!"деді.

Барлық жаңалықтар