Режиссер Ақан Сатаевтың екінші әйелі Альмира Тұрсын әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жұртқа ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.
Альмира Тұрсын өзі туралы артық сөз жазатындарды заң алдында жауапқа тартатынын айтып: "Жаңа оқырмандарым мен мені "сығалап қарап" отыратындар, мені аңдып, нанын тауып жүргендер деп ойлаймын.
Мен өз парақшамда өз жұмыстарым мен жетістіктерім жөнінде жазба жариялаймын. Жұртқа пайдалы дүниелерді ғана жазамын. Жеке өмірім туралы ештеңе айтпаймын.
Білім, мәдениет, музыка, өнер туралы пікір алмасуға ашықпын.
Өз пікірін таңып, ақыл айтқысы келетіндер мен сыншыл, жеке өзіме, өміріме мін тағатындарды бірден бұғаттаймын.
Сөзге тоқтамайтын, фейк аккаунттан қорррлап, ауыр сөз жазатындардың жазбаааасын скриндап, жинап, кез келген сәтте сотқа беретініміді мәлімдеймін
Сондықтан үндемеді екен деп менің атыма әр нәрсені жаза бермеу керек" деді Альмира Тұрсын.