Танымал белсенді ұстаз Өмір Шыныбекұлы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының қызметкері Гүлшат Жолдыбайқызының үстінен сотқа арыз түсіретінін мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
Жолдыбайқызы Гүлшат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ардагер ұстаз Өмір Шыныбекұлы туралы жазба жариялаған.
Осыған байланысты Өмір Шыныбекұлы:
"Біріншіден, мен Ғ. Бейсембаевқа қарсы петиция жазған жоқпын!
Мен 2023 ж. мамыр айынан желтоқсанның соңына дейін біресе полицияға жауап беріп, біресе сотқа тартылып, әуре-сарсаңға түскен соң "ОАМ министрі Ғ. Бейсембаев орнынан кетсін" деп президентке үндеу жасадым!
Иә, кетсін дедім!
(2024 жылы "Мақсатты мектеп" жобасына қарсы петицияға қол қоймадым. Себебі, ол жобаға мен жұмыс істейтін мектеп кірмегендіктен петицияға қол қоюға моральдық құқым жоқ деп есептедім. Бірақ тиісті жерлерде өзімнің шикі жобаға қарсылығымды ашық білдіріп жүрдім).
Екеуі екі бөлек нәрсе екенін "мұғалім" деген дипломы бар азамат түгілі, "Адам.Қоғам.Құқық" пәні өтілетін 9-сыныптың оқушысы білуі тиіс.
Екіншіден, Конституция бойынша әрбір азамат заң шеңберінде үндеу жасауға немесе петицияға қол қоюға құқылы!
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңы 2015 жылғы 2 қарашада қабылданды.
№ 383-V ҚРЗ.
Заң 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді.
Мақсаты - мемлекеттік органдардың шешім қабылдау процесіне азаматтық қоғам өкілдерін тарту, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету.
Осындай қарапайым нәрселерді білмейтін адамның Ұлттық Білім Академиясында қызмет істегені немесе істейтіні рас болса, бұл Академияның беделіне нұқсан келтіріп, репутациясын түсіріп тұр.
Ал менің жеке басыма жабылған ғайбат сөздер мен жалалар туралы ойланып көрем.
Кешірім сұрамасаңыз, сотқа шағымдануыма тура келетін шығар

Сотта сіз дәлелдеуге тура келетін жәйттер:
А.Аймағамбетовтің мені самолетпен алдыруы;
Ж.Сүлейменованың мені өзіне көмекші етіп алуы;
Менің министрлер кабинетіне кіруім;
Жалаңаш әйелдермен парақшамды толтыруым;
Тәртіпсіздігім!
Әлеуметтік желідегі парақшаңыз арқылы кешірім сұраудан бас тартсаңыз, адвокат жалдап, қорғаныс линиясын жасай беруге сізге мүмкіндік беріп отырмын,
Гүлшат ханым!"деп арнайы
жазба жариялады.