"Сотта жеңді": Жүздеген мұғалім шағымданып, Білім басқармасын тығырыққа тіреді

"Сотта жеңді": Жүздеген мұғалім шағымданып, Білім басқармасын тығырыққа тіреді

Шығыс Қазақстан облысының жүздеген мұғалімі былтырғы аттестаттация комиссиясының шешімімен келіспей, Білім басқармасына шағым түсіріп, ал біразы сотқа жүгінген. Нәтижесінде мұғалімдер сотта жеңіске жетті деп хабарлайды Democrat.kz.

Шығыс Қазақстанда мұғалімдер тобы  ұйымдасқан, жүйелі және заңды түрде бүкіл аймақтық білім басқармасын селк еткізді. 

Өткен жылдың қазан айында аттестаттау комиссиясы 29 мұғалімді "зерттеуші" статусынан "сарапшы" статусына түсіріп тастаған.

Қаншама уақыты мен денсаулығын құрбандыққа шалып, күні, түні дайындалып барған сынақта мынадай әділетсіздікке ұшыраған ұстаздарға педагогтық дәрежесінің сырғытылып түсірілгені ауыр тиген. 

Осы және басқа да осындай әділетсіздікке ұшыраған ұстаздар топ болып бірігіп, аттестация комиссиясын сотқа берген. 

Сот процесі кезінде кездескен түрлі кедергілерге қарамастан, ұстаздар күресті соңына дейін жеткізіп, жеңіске қол жеткізді.  

Жергілікті Білім басқармасына былтырғы қазан айында Өскемен қаласының наразы педагог-зерттеушілерінен 140-қа жуық өтініш түскен. Сотқа тек 29 адам жүгінген. 

Барлық жаңалықтар