Ғауез Нұрмұхамбетов Петровка ауылындағы Міржақып Дулатұлының құрметіне арналған мемориалдың қирауына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Democrat.kz. сайты Orda.kz. -ке сілтеме жасап.
Жиында әкім құрылыс қажетті құжаттарсыз және ресми рұқсатсыз жүргізілгенін, сондықтан жұмыстар тоқтатылғанын, ал кәсіпкер жауапқа тартылғанын айтты. Әкімнің айтуынша, құрылыс барлық құжат ресімделгеннен кейін ғана қайта басталады екен.
«Кез келген құрылысқа ескерткіш немесе үй болсын жобалау-сметалық құжаттама ресімделіп, жер тіркелгеннен кейін ғана рұқсат етіледі. Мұнда ешқандай құжаттар болмады. Аудан әкімінен сұрағанымда, маған құжаттарсыз құрылыс тоқтатылды деп жауап берді. Кәсіпкер жауапкершілікке тартылды», — деді Нұрмұхамбетов.