Стамбулдың экс-мэріне 2352 жылдық түрме жазасы берілмек

Стамбулдың экс-мэріне 2352 жылдық түрме жазасы берілмек

Стамбул қаласының бұрынғы мэрі Екрем Имамоғлұға бірнеше айып тағылып, 2535 жылға түрмеге қамау жазасы ұсынылды деп хабарлайды Democrat.kz. Түркия ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Стамбулдың бас прокуроры Екрем Имамоғлұға қатысты ресми айыптау құжатын әзірлеп бітті.

Айыптау актісінде бұл іске қатысты-  407 күдіктінің 105-і қамауда, 170-і соттың бақылауында, 7 адам іздеуде және 5 кісі "жәбірленуші күдікті" ретінде тіркелген. 

Құжатқа сәйкес, Имамоғлұға 142 эпизод бойынша айып тағылған. Оның ішінде 12 эпизод жемқорлық, 7 эпизод ақша жымқыру, 7 эпизод алаяқтық бабы бойынша тіркелген.

Стамбул бас прокуратурасы Екрем Имамоғлұға 828 жыл 2 айдан 2352 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын сұрап отыр деп жазады Mynet haber. 

 

Барлық жаңалықтар