"Шабыт" академиясының студенттері өздеріне декандары қысым жасап, Меруерт Өтекешова апайларының үстінен арыз жаздырып, "отказной" жасатқанын айтып мәлімдеген еді. Осыған орай "Шабыт" академиясының ұстазы, қазақтың "Қыз Жібегі" Меруерт Өтекешова өз пікірін білдіріп, мәлімдеме жасады деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, "Шабыт" академиясының студенттері ұстаздары Меруерт Өтекешованың сабақ беруіне қарсылық білдіріп, "отказной" доклад жазғандарын, ол докладты декандары ерназар Бірімқұловтың қысымымен жазғандарын мәлімдегенін жазған едік.
Осы мәселеге қатысты "Шабыт" академиясының ұстазы, актриса Меруерт Өтекешова: "Өкпелей ме, маған, өкпелемей ме, бәрібір айтамын. Студенттермен бұлай жұмыс істеуге болмайды.Студенттерге бұлай білім беруге болмайды"деді.