Әлеуметтік желіде Мөлдір Мұқанованың әпкесі Айгүл Түлкібай сүйінші жаңалығын жариялап, қуанышымен бөлісті деп жазады Democrat.kz.
Айгүл Түлкібай жиені, әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Дубайдағы университетін аяқтап, дипломын қолына алыпты.
"Аманғали Әдемі Тұрсынбекқызы БРИТАН УНИВЕРСТИТЕТІНДЕ ДУБАЙ ҚАЛАСЫНДА АРХИТЕКТОР МАМАНДЫҒЫНА 5 жыл оқып бүгін ДИПЛОМЫН ҮЗДІК ҚОРҒАДЫ.
Еңбекқор, білімді, саналы, оқымысты қызымыз ХАЫЛҚАРАЛЫҚ ҮЛГІДЕГІ МЫҚТЫ МАМАН БОЛЫП ЖАТЫР. Сырт елде, шетелде оқу өте жауапты, кейде қауіпті🙏. Жүйе басқаша, емтиханды, сессияны тапсыруына да ұйқысыз түндер өокізіп дайындалып жүретін. Дипломдық жұмысын да жазып жатқанда, бөлек әлем болып кетеді өзә, тек білімге кірісіп, біздерді танымай қалады, өте жауапкершілікпен қарайды.
Мамасын қолдай жүріп, сабағын да реттеп жүрген пысық қыз. Алла жар болсын өзіңе", деп жазды Айгүл Түлкібай.