Суицид жасаған екі оқушыға қатысты тың дерек шықты

Суицид жасаған екі оқушыға қатысты тың дерек шықты

Қордай ауданында өз-өзіне қол жұмсаған жасөспірімдер жер қойнына тапсырылды, деп хабарлайды Democrat.kz.

Сонымен қатар, олардың алкоголь ішкені туралы бейресми ақпарат тарады.

Жергілікті атқарушы органдарға жақын дереккөздің айтуынша, бастапқыда жасөспірімдер үшеу болған. Кейін олардың бірі үйіне қайтып, қалған екеуі бірге уақыт өткізуді жалғастырған. Одан кейін не болғаны нақты белгісіз, алайда оқиға қайғылы аяқталған.

Бұған дейін олардың әртүрлі мектепте оқыса да, өзара жақын дос болғаны айтылған. Екеуі де көпбалалы әрі әлеуметтік жағдайы тұрақты отбасынан шыққан.

Бұл жағдайға қатысты бірқатар сұрақтар туындауда. Атап айтқанда, ата-аналардың балаларды дер кезінде іздемеуі және жасөспірімдерге алкогольдің қолжетімді болуы алаңдаушылық тудырады. Егер спирттік ішімдік сауда орындары арқылы сатылған болса, бұл да бөлек тексеруді қажет етеді.

Соңғы күндері жасөспірімдерге қатысты болған оқиғаларды зерделеу үшін Жамбыл облысына Оқу-ағарту министрінің бірінші орынбасары Майра Мелдебекова келгені белгілі болды. Ресми түрде жарияланбағанымен, оның Тараз қаласындағы бірнеше мектепті аралағаны айтылуда.

Барлық жаңалықтар