"Атырауда жоғалып кеткен отбасы" оқиғасына қатысты өтіп жатқан сотта күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев Наурыз Мұқанғалиевті қалай өлтіріп, әрі қарай не істегенін айтты деп жазады Democrat.kz.
Күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев сотта Наурыз Мұқанғалиевты аяусыздықпен өлтірмегенін айтып: "Наурызды пышақтағанда, ол жай ғана жарақат алған болар деп ойладым.
Артынан қайта барғанымда ол қанға боялып жатыр екен. Енді не істеймін деп қатты ойландым. Полицияға барып, қылмысымды мойындасам, артымда қалатын балаларымды ойладым.
Сосын Наурыздың телефонын алып, оның атынан несие алдым. Жұмысынан іздеп, Наурызға ватсапқа жазғандарға "біраз қарызым бар" деп Наурыздың атынан жазып отырдым. Қарызы бар, содан қашып кетті деп ойласын дедім.
Он күндей Наурызды адамдар қатты іздеді.
Наурызды қасақана өлтірдім деп ойламаймын", деді.
Бұл туралы видеоны журналист Базаргүл Нәдірқызы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.