Атырауда тұтас бір отбасыны қырып салған күдікті күйеубала Сұлтан Сәрсемәлиевтің адвокаты Асан Жұмабаев оны тегін қорғап жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы ол журналист Жанат Жақсыбайқызына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Democrat.kz.
Адвокат заңнамаға сәйкес қорғаушылар қайырымдылық және қоғамдық негізде тегін құқықтық көмек көрсетуге құқылы екенін айтады.
«Адвокаттың өзінің құқығы бар. Қайырымдылық әрі қоғамдық негізде адвокат тегін қызмет көрсете алады. Мен сол негізде тегін қызмет көрсетіп отырмын. Әлеуметтік көмек қайырымдылық негізде көрсетіліп жатыр», – деді Асан Жұмабаев журналистің сұрағына берген жауабында
Сондай-ақ Асан Жұмабаев:«Сот үкімі заңды күшіне енбейінше, адамды кінәлі деп тануға болмайды», – деген ұстанымын шегелеп айтты.
Асан Жұмабаевтың айтуынша, ол адвокат ретінде өз міндетін заң талаптарына сай орындап жатыр.