Сұмдық бизнес: Марапаттар ыстық бәліштей сатылып жатыр

Сұмдық бизнес: Марапаттар ыстық бәліштей сатылып жатыр

Әлеуметтік желіде сатылатын марапаттар туралы тақырып қызу талқыға түсуде деп жазады Democrat.kz.

Threads желісінде Ақсұлтан Қали атты желі қолданушы түрлі марапаттардың сатылып жатқанын айтып, тіпті прайс парақшасын да жариялады.

Ақсұлтанның жазбасына қатысты жұрт төмендегідей түрлі пікірлерін жазып, мұндай "марапат бизнесінен" хабарлары барын да жасырмапты.

"Маған почтаға хат келген. Келіншегімде ИП бар еді , соған келіпті. Ашып қарасам. Паленше паленшиева сізді еліміздің экономикасына үлес қосқаныңыз үшін ҚР орденімен марапатталасыз.

Марапат осындай уақытта Астанада осындай жерде өтеді. Кәдімгі ресми хат. Сосын жанындағы файлды ашып қалсам осындай прайс.

Еще кімдер алған сол жайында бәрі жазылған пакет пакетімен еще дәл сол күні шынымен адамдар марапатталды бәрі фигня просто отчет нолевоймен тапсырылып жүр еді қандай үлес"  

"3млн беріп, бірден -“Галактика Адамы” ала салу керек қой! Ақыры беріп жатыр екен"

"Әкеме де осындай ұсыныс жасалған. Бірақ ол 40 жыл педагог болған әжеме сатып әперді. Алтын кітапқа әжемнің аты жазылды деп қуанып жүрсек, сатып алған марапат екен"

"Үздік 100 студент, СНГ-ның үздік студенті тб деген мараппаттар да прайспен сатылады екен. Мен дәмеленіп сертификат жинап жүрсем, ести сала қой таста дедім. Кімге? Не дәлелдегілері келеді осы?"

"Алтын адамды рассрочкаға бөліп төлеп алуға болады. Бонусқа үлкен кітап береді. Ол кітапта сіздің отбасыңыз бен өмірбаяныңыз жазылған"

"Бұл мемлекеттік награда емес. Қоғамдық қорлар немесе бірлестіктердің наградасы". 

Қалай десек те, кез келген марапаттың бұлай саудалануы қаншалықты дұрыс, қалай ойлайсыз?

Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ. 

 

Барлық жаңалықтар