Сумен жабдықтау жүйелері: ауылдарда және қалаларда ауыз суға қол жеткізу

Сумен жабдықтау жүйелері: ауылдарда және қалаларда ауыз суға қол жеткізу

Ақмола облысында тек 2025 жылы сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытуға 23 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. 32 жобаны жүзеге асыру ондаған ауыл тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді деп жазады Democrat.kz.

«Өткен жылы біздің ауылда су құбыры тартылып, үйлерге су кіргізілді. Барлық жұмыс аяқталып, тұрғындар тұрақты сумен қамтамасыз етілді. Ауылымызға көрсеткен қолдауы үшін Президентімізге үлкен рақмет»,

 – деді Ақмола облысы Садовое ауылының тұрғыны Сұлушаш Байгулина.

Солтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 14,9 млрд теңге болатын 28 жоба аяқталды. Нәтижесінде Айыртау, Есіл, Мамлют, Тайынша аудандары мен Шал ақын ауданының 30-дан астам ауылының тұрғындары тұрақты ауыз сумен қамтамасыз етілді. 

Абай облысында 20 мыңға жуық ауыл тұрғындарын қамтыған 15 жоба жүзеге асырылды.

Алматы қаласында қор қаражаты есебінен Қайрат, Ақжар, Ақбұлақ, Боралдай және Қарағайлы шағын аудандарында су құбыры мен кәріз тарату желілері салынды.

Барлық жаңалықтар