Әлеуметтік желіде тараған сұхбат үзіндісінде "Супер тамада" Сабыржан өзінің тамадалық кәсібін қойғысы келетінін айтты деп жазады Democrat.kz.
"Тамадалықты қойғым келеді. 40 жасқа дейін атқарып, сосын тамада болуды қойғым келеді. "Хабарласпаңдар, мен тамадалықты қойдым" дегім келеді. Абыроймен кеткім келеді. 40 жастан кейін қолыма домбыра алып, "ал, құдалар" деп тұрғым келмейді.
Дүние-байлықты жинап, бала-шағамды толық қамтамасыз етіп, сосын шетелдерде ел көріп, жер көріп қыдырып жүргім келеді. 37-38 жасымда бір бизнесті ашып, жағдайымды жасап алсам деймін", - дейді "Супер тамада".