Бірнеше күн бұрын "арақ қойылған харам тойға қатыспай, кетіп қалдым" деген супер тамада Сабыржанның әрекеті елдің ашуын туғызды деп жазады Democrat.kz.
Тамада Сабыржанның "харам той" деген сөзі иісі қазаққа ауыр тисе керек, екі күннен бері "супер тамадаға" арнап видео салып жатқан кісі көбейді.
"Сенің Сабыржан болуың сол қазақтың тойының арқасында еді. Тойынайын деген екенсің!
Кезінде кім ақша берсе, соның тойына барушы едің. Енді қазақтың тойын "халал, харам" деп таңдайтын, бөлетін болыпсың" дескен блогер, тиктокерлер тамада Сабыржанға бойкот жариялауға шақырды.