Супер тамаданың анасының бейіті өртенді

Супер тамаданың анасының бейіті өртенді

Асаба Сабыржан Түзелбаевтың той үстінде айтқан тілегі қыз талқыланып жатқан тұста оның марқұм анасының зиратына қатысты хабар тарады деп жазады Democrat. kz. 

Еске салайық, тойды жүргізген асаба өрт сөндіру саласында еңбек ететін азаматқа:

— Өртің көп болсын, — деп тілек білдіріп, желіде қызу талқыға түскен еді. 

Бұл сөз түсірілген видео желіге тарағаннан кейін көпшілік асабаның әзілін орынсыз деп бағалады. Желі қолданушылары адам өміріне қауіп төндіретін өртті қалжыңға айналдыру жауапсыздық екенін айтып, түрлі пікір қалдырды.

Арада көп уақыт өтпей, аталған оқиғаға байланысты тағы бір видео жарияланды. Оның авторы Теміртау қаласындағы зират аумағында өрт болғанын айтып, оқиға орнын көрсеткен.

Видео авторының сөзінше, өртті сөндірушілер әрең ауыздықтаған. Ол асабаның анасы Күмісайдың да осы зиратта жерленгенін атап өтіп, Сабыржан Түзелбаевты халықтан кешірім сұрауға шақырды.

— Сабыржан, мынау — Теміртаудың бейіті. Ана жерде сенің анаң Күмісай жатыр. Кеше осы жерде өрт болып, әрең сөндірілді. Сен айтқалы шынымен өрт көбейіп кеткендей болды. Халықтан кешірім сұрап, осы жерге келіп, Құран оқып кетерсің, — деді видео авторы.

 

Барлық жаңалықтар