Суретке түспек болған: Шымкентте вагонның үстіне шыққан баланы тоқ соқты

Суретке түспек болған: Шымкентте вагонның үстіне шыққан баланы тоқ соқты

Шымкентте 11 жастағы жасөспірім теміржол маңында фотоға түсемін деп 27 мың вольттық тоққа түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Оқиға 27 тамыз күні жүк вагондары тұрған аймақта болған.

Бала арнайы баспалдақ арқылы жүк вагонының үстіне көтерілген. Алайда жоғары кернеулі ток соғып, ауыр жарақат алған. Дәрігерлердің айтуынша, баланың денесінің 80%-ы күйіп қалған. Қазір бала жансақтау бөлімінде, хәл үстінде жатыр.

Полицияның мәліметінше, жасөспірім вокзалдың кіреберісінен өтпегендіктен, бақылау камераларынан көрінбеген. Қауіпсіздік талаптарын бұзу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Темір жол көлігін пайдалану және қозғалыс қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Теміржол – аса қауіпті аймақ екенін ескертеміз”, – деді Шымкент станциясы желілік полиция бөлімінің басшысы Нұрлан Қошқарбеков. 

Барлық жаңалықтар