"Сүтімді сауып отырмын" деген блогер туыстарына үндеу жасап, масқара болды

"Сүтімді сауып отырмын" деген блогер туыстарына үндеу жасап, масқара болды

"Күйеуімді басқа әйелмен ұстап алдым" деп елді шулатып, танымал болған ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова әлеуметтік желіден туыстарына видео үндеу жасап, ұятқа қалды деп жазады Democrat.kz. 

"Жақын туыстар мен тумаластар, достар әрбіріңізге жеке жазып отыратын уақыт жоқ. Жақында ғана босанып келдім, білесіздер. 

"Құтты болсын" айта алмадық деп хабарласып, үйіңе барайық дейтіндерге айтарым, бала емізіп отырмын. Бала омыраудағы сүтті толық еміп жатқан жоқ. Ол сүтті сауып тастауым керек. 

Балаға тек өзім қарап отырмын. Апа тек кешке қарасады. Бүгіннен бастап массаж алып, шілде терімді шығармақпын. 

Сәбидің қырқы шықпай, үйде қонақ күтпеймін. Өкпелерің түсіп, бауырларың атылып кетсе де, "қонақ болайын деп едім" дегенді қойыңдар. 

Оның үстіне вирус деген бар. Сырттан келгендерден вирус жұқтыратын жайым жоқ"деген блогер қонақ күтетін уақыты жоғын айтып, ескерту жасады. 

Бұл видеоны көрген кісілер "бұның туғаны да міндет", "видеомен тиктокта айтудың керегі қанша", "бетің қалың, ниетің жаман екен", "сүтін сауып, етеккірі келген келмегеніне дейін айтып, ұят емес пе" деп қатты реніш білдіріп, пікір жазуда. 

Дайындаған Ұлжан БАҚЫТҚЫЗЫ. 

Барлық жаңалықтар