"Сынып жетекшілігіне бөлек штат ашылсын" деген белсенді ұстаз "тонна құжаттың" жырын айтты

"Сынып жетекшілігіне бөлек штат ашылсын" деген белсенді ұстаз "тонна құжаттың" жырын айтты
Белсенді педагог Айнұр Сабыр мектептердегі сынып жетекшілерге артылған жүктің ауырлығын айтып, сынып жетекшілігіне бөлек бір штат ашу керегін алға тартты деп жазады Democrat.kz.
 
"Сынып жетекшілерге бөлек бір штат ашатын уақыттарың болды ғой.
 
Жұлдыз Досбергенқызы Сүлейменова ханым,
Оралға министрліктен тексеріске "құдалар" жіберіпсіз.
"Құдалардың" сұрайтын тізімі де дайын екен.
"Қалың малдарың" (сын.жетекшінің жалақысы) 10 000 ақ теңге.
Сұрайтындарың он тонна жүк!
 
Әрбір сынып жетекшінің қолында міндетті түрде болуы тиіс құжаттар бар. Бұл құжаттар – тәрбие жұмысын жүйелі жүргізудің, ата-ана мен оқушы арасындағы байланысты реттеудің және қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етудің негізгі тірегі.
 
 Құжаттар номенклатурасы:
 Құқықтық нормативтік құжаттар папкасы
– Тәрбие жұмысына қатысты есептер
– Қауіпсіздік техникасы журналы
– Бұйрықтар (18, 26, 123, 748)
– ҚР заңдары (Білім туралы, Бала құқықтары, Тіл заңы, Неке және отбасы кодексі)
 
 Тәрбие жұмысын ұйымдастыру папкасы
– Сыныптың әлеуметтік паспорты
– Оқушылар тізімі, ата-аналар байланысы
– Денсаулық картасы, мониторинг, мектеп формасы
– Сынып ұйымына мінездеме, жетістіктер есебі
 Ата-аналармен жұмыс папкасы
– Ата-аналармен байланыс пен бірлескен іс-шаралар жоспары
– Жиналыс хаттамалары, сауалнамалар
 
Тәрбие сағаттары папкасы
– Жылдық тәрбие жоспары («Адал азамат – Біртұтас тәрбие» бағдарламасы бойынша)
– Тәрбие сағаттарының конспектілері
– Іс-шараларды ұйымдастыру кестесі
 
 Қауіпсіздік папкасы
– Құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары
– Психологиялық бақылау парақтары
– Мадақтау және тәртіптік шаралар актілері
Бұл құжаттарды толық әрі ретімен жүргізу – әр сынып жетекшінің жұмысының сапасын арттырады, ата-анамен байланысын нығайтады және оқушыларға қауіпсіз әрі тәрбиелік орта қалыптастыруға мүмкіндік
 
Мына қағазды жинағанша, кластағы балаларды үйге апарып, тәрбиелеп, өзіміз асырайық.
P.S. Бұл қағаздардың материалдық шығыны қалтамыздан..."деп жазды Айнұр Сабыр. 
Барлық жаңалықтар